ТҰҢҒЫШ

lat: TUŃǴYSH /26/

сын. 1 . Алғаш көрген баласы, ең үлкені.

Шыр етіп кенет тұңғышым,

Ашты дүние есігін.

Сайраған сәби жыл құсым,

Іңгәлап іздейді несібін (1,29).

Болсам дағы тұңғышы, шөлдегені,

Маңдайымнан иіскеп көрмеп еді.

Өкіріп кеп аймалап, жылап жатыр,

Тік көтеріп қойды да жерге мені (2,124).

2 . Ең алғашқы, бірінші.

Әкем С.Мақатаев ұжымшарды тұңғыш ұйымдастырушылардың бірі еді, соңынан сол шаруашылықты басқарды (5,223).

Назарымды осы үнге тоса қалдым,

Тұңғыш көрдім әжемнің босағанын.

Құйын соғып кетті де, желпінді жел,

Солқылдатып діңгегін босағаның (1,264).